Украина Президенті Мәскеуді бомбалау операциясын тоқтатуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Президенті Мәскеуді бомбалау операциясын тоқтатуға шақырды

02.03.2022

Украина президенті Ресейді бомбалау операциясын тоқтатып, диалогты қайта жандандыруға шақырды.

«Тек қана бомба тастауды доғарып, келіссөздер үстелінің басына отырайық», - дейді Владимир Зеленский «Си-эн-эн» телекомпаниясы мен «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында.

Дегенмен, бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі президент Владимир Путин мен Зеленский арасында кездесу жоспарланып отырмағанын айтты.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресейдің Киевке бара жатқан әскери конвойы азық-түлік пен жанармай тапшылығына байланысты жолда тұрып қалды. Есесіне, Украинада қалаларға әуеден соққы беру оқиғалары жиілеп барады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, әскери операциялар кезінде 136 бейбіт тұрғын мерт болды. Дегенмен, құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Батыс барлаушылары болса, Ресейдің 5 мың жауынгері қаза тауып немесе тұтқынға түскенін хабарлады. Ал, Украинаның қанша сарбаз жоғалтқаны әзірге белгісіз.


Хабарламаларға жазылу