Украинадан 175 қазақстандық елге жеткізілді
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардықтардың алғашқы легі елге жетті. 175 отандасымыз отырған борт Алматы әуежайына кеше түнде келді. Олардың арасында туристер, студенттер, жұмыс бабымен жүрген азаматтармен қатар 21 бала бар. Жерлестеріміз Украинамен шекаралас орналасқан Польшаның Катовице қаласына жеткізіліп, сондағы аэропорттан Қазақстанға ұшты. Киевтегі Қазасқтан елшілігінің мәліметінше, Украинада 2000-ға жуық отандасымыз тіркелген. Бүгінге дейін олардың 600-ден астамы елге қайтуға ниет білдіріпті. Айта кету керек, Котовицеге тағы екі ұшақ жіберіледі.
Жансерік Сейітмұратұлы, қала тұрғыны:
Жақсы жеттік. Рақмет еліміздің басшыларына. Осының бәрін ұйымдастырған. Украинаның Умань деген қаласында болдым. Семинарға барғанмын. Бүгін қайтып келдік. Польшаға өзіміздің консул арқылы жеттік. 25 ақпан жолға шыққанбыз, бүгінге дейін жол жүріп келеміз.
Шоқан Мұстафин, қала тұрғыны:
Қазақстанның елшілігі жақсы жұмыс істеді. Үлкен рақмет.Қонаққа барғанбыз. 4 күндей болдым сонда. Айтқан нұсқаулықтарға бағындық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03