Жайыққа биыл да су аз келуі мүмкін
Батыс Қазақстан облысында Ресейден Жайыққа биыл да су аз келуі мүмкін. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша, өзен суының деңгейі соңғы 5 жылда күрт төмендеді. Жайық суының 70 пайызы еріген қар суымен толығады. Ал тасқын судың дені екі елдің су қоймаларында жиналады. Жағдайды жақсарту үшін 2020 жылы қос елге ортақ жол картасына қол қойылып, кейін бағдарлама бекітілді. Осы құжаттардың аясында зерттеулер жасалып, гидротехникалық құрылғыларды қалпына келтіру шаралары қабылданды.
Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:
Биыл Киров-Шежін су арнасын қалпына келтіруге 1,5 млрд, Еділден су алу үшін 5,16 млрд, Жалпақтал су қоймасы құрылысының құжаттамасын жасауға 39 млн, Киров су қоймасын қалпына келтіруді бастауға 800 млн, яғни су тапшылығын алдын алу шараларына барлығына - 7,5 млрд теңге бөлінеді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 12:00
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 11:59
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
23.08.2026, 11:58
Еуропада сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 11:57
Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды
23.08.2026, 11:55
«Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары»
23.08.2026, 11:54