Украинада қалған жүк тасымалдаушылар «Атамекен» палатасының бақылауында
Украина аумағында қазақстандық 50-ге жуық жүк көлігі қалып қойған. Оның 11-і Ақтөбе облысында тіркелген 5 компанияға тиесілі. Бұл туралы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады.
Украинадан шыға алмай тұрған жүргізушілердің көбі Киев, Харьков, Днипро және Львов қалалары маңында тұрғанын айтқан. Олар көліктерін тастап ұшып кете алмайды. Себебі компаниямен арадағы келісімшартты бұзбауы тиіс. Ақтөбелік 11 көліктің тоғызына тауар тиелген. Сондықтан жүргізушілер мемлекеттен көмек сұрап отыр.
Роман Бушуев, көлік жүргізушісі:
Днипро қаласындағы тұрақтамын. Бұл жерде Қазақстандық 10 көлік тұр. Не істерімізді білмейміз. Мемлекеттен көмек сұраймыз.
Мұрат Амрин, «Атамекен» ҰКП Тасымал және логистика департаментінің директоры:
Бочеев өткізу бекетінде тұрған қазақстандық 4 көлік тоналып, қиратылған. Жүргізушілер тек біреуін ғана жөндей алды. Көптеген жүк тасымалдаушы компанияның несиесі бар, олардың төлемдерін шегере тұру мәселесін көтеріп отырмыз. Ол үшін мемлекеттік органдарға хат жолдадық. Қазір жүк көлігінің көбі өткізу бекеттеріне де жете алмай тұр. Біз оларды Молдова, Польша арқылы шығару жағын қарастырып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 12:00
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 11:59
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
23.08.2026, 11:58
Еуропада сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 11:57
Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды
23.08.2026, 11:55
«Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары»
23.08.2026, 11:54