Ішкі істер органдарын цифрландыру қалай жүріп жатыр
Ел бойынша ішкі істер органдары мен қылмыстық атқару жүйесінің құрылымдарын жаппай бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету жүріп жатыр.
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Сандық технологиялар арқылы азаматтардан түскен шағымдар мен сауалдар жедел басқару орталықтарына келіп, өңделеді. Сондай-ақ, қазір полиция қызметкерлері планшеттер мен GPS-пен қамтылған. Осы жоба бойынша қазір 150 бейнетіркеуіш сынақтан өткізілуде. Бірізділік жүйесі Твиттер, Фейсбук сынды әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен шағымдар мен сауалдарды полицияға бір жерге тізіп, жедел әрекет етуге көмектеспек.
Әділ Сәрсенов, ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы:
Қазіргі таңда еліміз бойынша 687 мың камера есептеліп, оның 145 мыңға жуығы аймақтық бөлімшелерге жедел басқару орталықтарына енгізілді. Цифрландыру - маңызды жобалардың бірі. Бұл - Қазақстанның Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс. Қылмыстық істі электрондық форматта жүргізу жобасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 12:00
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 11:59
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
23.08.2026, 11:58
Еуропада сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 11:57
Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды
23.08.2026, 11:55
«Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары»
23.08.2026, 11:54