Басты Жаңалықтар Қарағанды қаласының орталық базарында болған өрттен 9 кәсіпкерге шығын келген

Қарағанды қаласының орталық базарында болған өрттен 9 кәсіпкерге шығын келген


Қарағанды қаласының орталық базарында болған өрттен 9 кәсіпкер зардап шекті. Олардың есебінше, шамамен 100 миллион теңге шығын келген. Бірақ нақты қорытындысы бірер күннен соң белгілі болады.


Еске салсақ, түнде базар ішіндегі үш бірдей дәмхананың ағаш қаптамалары тұтанып, жиһаздар мен құрал-жабдықтар түгелдей жанып кеткен еді. Қасындағы контейнерлерге де зақым келіп, ішіндегі тауарлар жарамсыз болып қалған.

Асхат Маханов, Қарағанды қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі жағдайда өрттің неден шыққанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы тексеріс 2018 жылы болған. Одан кейін 2019, 2020, 2021 жылдары аудиторлық қорытындының арқасында бұл объектілерді тексерістен алып тастағанбыз. Барлығы дұрыс деп қорытынды жасалғандықтан, біз бұл объектіні тексерістен алып тастадық.

Бөлісу