Елімізде бос жатқан 10 млн гектар жер анықталды
Елімізде бос жатқан 10 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бары анықталды. Оның 2,7 млн гектары мемлекет меншілігіне қайтарылған. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару Комитетінің мамандары айтты. Олардың мәліметінше, жерді иемденіп, бірақ кәдеге жаратпаған шаруашылықтарға ескерту беріліп, 4,1 млн гектар жерге қайта соқа салынған. Елімізде 2018 жылдан бері ғарыштан мониторинг жүргізу жұмыстары жүруде. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Тың тәсіл жайылым жері тар ауылдардың іргелерінен 2 млн гектар жерді тұрғындарға босатып беруге сеп болды.
Гүлжахан Бимендина, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары:
Жергілікті атқарушы органдар жайылымдарды басқару жоспарын жасап, бекітіп, елді мекенге керек жерлерді мемлекет мұқтажы үшін қайтаруға құқылы деген заң нормаға еніп отыр. Сондықтан әр елді мекенді жеке қарап, қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00