Басты Жаңалықтар Украинаның Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы қайта алады

Украинаның Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы қайта алады

Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады. Бұл туралы Сырты істер министрілгінің өкілдері мәлімдеді. Отандастарымызды елге қайтару бүгін-ертеңге жоспарланып отыр. Азаматтар мүмкіндігінше Львов қаласына келуге тиіс. Әуе кемелері Польшаның Катовице қаласынан ұшады. Қазақстандықтар Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» арқылы жеткізіледі. Біздің елшілік өкілдерінің мәліметінше, таңертең 486 адамнан өтініш түскен. Оларды 3 рейспен тасымалдау жоспарланған. Бір жарым мың адам консулдық есепте тұр. Есепке алу жұмыстары жалғасып жатыр. Қосымша ақпаратты экранда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Львов қаласындағы ҚР Құрметті консулдығы:

+38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19

Әуе компанияның өкілдігі:

 +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49))

Одесса облысындағы қазақстандықтар Молдова арқылы қайта алады

Сондай-ақ, Украинаның Одесса облысындағы отандастарымыз Молдова арқылы қайта алады. Бұл туралы осы елдегі елшілік өкілдері хабарлады. Қазақстандықтар Старо-Казачья, Паланка, Тудора және Серпневое-1 шекара аймағынан өте алады. Қосымша ақпаратты экранда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы білуге болады.

ҚР Молдова Республикасындағы Елшілігі:

+373 61 070 550

+373 60 601 676

+373 69 474 722

ҚР Молдовадағы Құрметті консулы:

+373 788 22 222))


Бөлісу