Елордалықтар абаттандыруға қатысты өз идеясын ұсына алады
Қаланы көркейтуге енді қала тұрғындары да үлес қоса алады. Ол үшін әкімдікке жүгініп, өз идеяңызды ұсына аласыз. Әрі қарай қоғамдық талқылау жиыны өтеді. Бүгінге дейін 40 шақты азамат шаһарды абаттандыруға қатысты өз жоспарын ұсынды.
Гүлзада Әбілқайыр, тілші:
Бұл - Сырым Мүсірептің туындысы. Белсенді жас ағаштан қонжықтың мүсінін жасаған. Қазір бас қаланың саябақтарына көрік беріп тұр. 25 жастағы мүсінші тас, ағаш, гипстен кез-келген туындыны жасай алады.
Сырым Мүсіреп, мүсінші:
Осы уақытқа дейін бірқатар идеяларым жүзеге асты. Мысалы, Сейфуллин көшесіндегі парктегі мүсін ағаштан жасалған. Биіктігі 3-4 метр. Басында әкімшілікке 3 эскиз ұсындым. Біріншісі ұлттық тақырыпта болды, екіншісі заманауи тақырыпта болды. Үшіншісі аю мен қоянды жасашы деген тақырыпта болды.
Ал Бейбіт Әсемқұлдың туындыларынан ұлттық реңкті байқауға болады. Кимешек киген ананың муралы әйел образын ашып, тұрғын үйлердің сәнін келтіріп тұр.
Бейбіт Әсемқұл, суретші:
Енді мен өзім осы елордада тұрғандықтан, өзімнің қаламда мысалы, мен өзіміздің ұлттық тақырыпта бірақ заманауи тілмен дұрыс жеткізе алатындай бір іс-шараларды алып келу керек сияқты. Профессионалды түрде өзімнің эскиздарымды ұсынуға тырысамын.
Қазір талантты жастар көп. Олардың креативті туындыларын көпқабатты үйлерден, көше бойындағы аулалардан көруге болады. Дегенмен, қалада абаттандыруды қажет ететін жерлер де жетерлік.
Шәймерден Төреханов, қала тұрғыны:
Бұл жерге келген себебім, бірінші Жерұйық паркі басталып, салғанына 15 жылдан асып кетті. Бос тұр. Бостан қар қалып, салған ағаштарының бәрі қурап… Содан қайтадан көтеріп, жаңартып, ішіне анау спортивный площадкаларын қойып, балаларға тренеровочный нелер салса, освещениелерін тартса.
Ал әкімдік мамандары жоспар көп дейді. Қазірдің өзінде қаланы абаттандыру үшін арнайы топтар жасақталған. Әсіресе, Есілдің оң жағалауына көбірек көңіл бөлінбек.
Асылан Қандығұлов, Урбанистика орталығының сәулетшісі:
Осы жолы оң жағалауында біз ескі орталықта бірнеше абаттандыру жұмыстарын жүргізгенбіз. Себебі осы біздің оң жағалауымызға көңіл бөлу қажет еді. Сол себептен біз осы Омарова көшесің, Республика көшесің абаттандырдық. Және одан да бөлек көптеген қоғамдық кеңестіктерді жасадық.
Бүгінге дейін абаттандыруға қатысты 40-тан астам жоба қоғамдық талқылаудан өтті. Әкімдік 10 жобаны мақұлдап, жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Жалпы елден ерек жобалары болса, бұл шараға кез келген азамат қатыса алады.
Гүлзада Абылқайыр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы