Таразда шетелдік мамандар тәжірибелерімен бөлісті
«Тіл – қарым-қатынастың алтын көпірі». Таразда осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді дамыту жайы сөз болды. Жиынға онлайн қосылған Италия, Эстония және Корея елдерінің тіл саласының мамандары озық тәжірибелерімен бөлісті. Шетелдік мамандар жұмысының озық үлгісі талқыланып, оны іс жүзінде қолдану жолы қарастырылды. Сонымен бірге тіл ғалымдары білім беру ұйымдарындағы үштілді бағдарламаның негізгі стратегиялары, көптілді білім беруді жүзеге асыру тетіктерін ортаға салып, пікір алмасты.
Гүлхан Аманова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы:
Тілдерді дамыту орталығымен бірлесе үнемі жұмыс жасаймыз. Себебі біздің білім беру ұйымдарындағы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің әдіснамасын, теориясын бірлесе отырып жұмыс істейміз. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай тіл білімінің теориясына көп көңіл бөліп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық марафонның қазір бесінші сағаты өтіп жатыр
23.08.2026, 13:17
Сайлау учаскелерінде Exit Рoll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 13:10
Сайлаушылар белсенділігі жоғары
23.08.2026, 13:02
Жыл басынан халық саны 90 мыңға өсті
23.08.2026, 13:02
Дауыс берушілер саны қанша?
23.08.2026, 13:01
Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді түрде қатысты
23.08.2026, 12:56
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 12:54
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12