Ақмола облысында 8 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 8 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр

24.02.2022

Ақмола облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған 8 кәсіпорын қазіргі уақытта өнім шығармай, тоқтап тұр. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мәлімдеді. Қалыптасқан жағдайдың себептері әртүрлі. Бірінде құрылтайшылар арасында келіспеушілік туындаған болса, енді бірінің иесі ауысып, өндірістік бағытын өзгертіп жатыр. Қаржылық қиындыққа тап болғандары да бар.

Ал Степногорск қаласындағы құбыр шығаратын зауыт өндірісті мүлдем тоқтатты. Кәсіпорын жабылған. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде қолға алынған 17 жобаның жүктемесі 50 пайызға жетпейді. Кейбірі, тіпті, 10-15 пайыз қуаттылықта ғана жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында сүт өнімдерін, ұн, құс етін шығаратын кәсіпорындар бар.

Ербол Оспанов, Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:
2010 жылдан бері 428,8 миллиард теңгеге 112 жоба іске асырылды. Бұл қаражат жеке инвестиция екенін атап ату керек. Тиімділікті бағалаудың негізгі көрсеткіші кәсіпорындардың жүктемесі. Қазіргі уақытта нысандардың жартысынан астамы толық қуаттылықта жұмыс істеп тұр деуге болады. Проблемалық нысандар бойынша жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдап жатырмыз.


Кәсіпкерлік және туризм басқармасы кәсіпорын кәсіпкер Ақмола облысы сүт өнімдері

Хабарламаларға жазылу