Қазақстанда алғаш рет Италияның аты аңызға айналған «Ла Скала» театры өнер көрсетеді.
Бүгін әйгілі балеттік труппа «Астана Опера» театрының сахнасында «Дон Кихот» балетін қояды.
Осыған орай, театрдың басшылығы мен актерлері бүгін баспасөз мәслихатын өткізді.
Мәлім болғандай, Рудольф Нуриевтің белгілі хареографиясындағы балетке миландық театрдың шығармашылық ұжымынан 100-ден астам адам қатысады, деп күтілуде.
Оларға бас балетмейстер Махар Вазиев жетекшілік етеді. Миландық балеттік труппа көрерменге атақты классикалық балеттің ең қиын нұсқаларының бірін ұсынбақшы.
«Ла-Скаланың» құрамында дүниежүзіне танымал Николетта Манни мен Карло ди Ланно сияқты көптеген солистер өнер көрсетеді.
Ал, музыкалық сүйемелдеуді «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі орындайды.
Бұл қойылымды астаналықтар мен қала қонақтары маусымның 30-ы мен шілденің 4-і аралығында тамашалай алады.
Махар Вазиев, «La Scala» театрының бас балетмейстері:
Нуриев қойылымы негізінен күрделі саналады. Онда басты партияда бірнеше қиын қимылдар бар. Әртістерге көркемдікті толыққанды жеткізу үшін орындау барысында еркіндік беріледі. Ол осымен ерекшеленеді. Біздің солистеріміз бірнеше күн бұрын келіп, дайындық жүргізді. Менің ойымша, көрермендерге ұнауы тиіс.
Бүгін сондай-ақ, «Астана Опера» театры «Ла Скала» және италияның «Сан Карло» театрларымен меморандумға қол қойды.
Енді қазақтың опера және балет театры ұжымы шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатады.