Арал маңындағы әуе апатына қатысты комиссия құрылды
Қызылорда облысында АН-2 ұшағы отқа оранды. Санитарлық авиация қызметімен шыққан әуе кемесі Арал қаласының маңында келгенде өртене бастаған. Бортта екі экипаж мүшесі мен бір дәрігер болған. Абырой болғанда үш адам сыртқа шығып үлгеріпті. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Қызылордадан-Аралға бағыт алған ұшақ Арал қаласына 10 шақырым жетпей Алтықұдық деген елді мекеннің маңына апатты жағдайда қонған. Ал құтқарушылар келгенше ұшақтың сау-тамтығы қалмады. Әзірге, ақаудың неден шыққаны белгісіз. Арнайы комиссия апаттың нақты себебін анықтауға кірісті.
Болат Наурзалиев, ҚР ИИДМ Көліктегі оқыс оқиғалар мен оқиғаларды тексеру департаментінің директоры:
Апатқа ұшыраған ұшақ жазық даладағы тұзды алқапқа қонған. Экипаж мүшелері ауа райының күрт бұзылғанын айтып отыр. Бүгін министрдің тапсырмасымен комиссия құрылды. Ертең жұмыс тобы апат орнына барады. Бұл жағдай адам шығыны болмаған әуе апаты ретінде тіркеліп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19