Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылар елге оралды. Медальға бір табан жақын қалған шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің арқасында Қазақстан әлемде 30-орынға тұрақтады. Бүгін Ұлттық олимпиада комитеті жерлестеріміздің жеңіссіз оралуының себептерін айтып, журналистердің сауалдарына жауап берді. Бастысы, қысқы спорт түрлерімен айналысуға кадрлар жетіспейді. Себебі, жалақы мардымсыз. Ал қысқы спорт жарыстарына Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева жиі қатысады. Олардың артынан ізін басатын жас спортшылар жоқ. Ал қысқы спорт түрлерінен Олимпиададағы жолдама ұтып алу өте қиын. Қазақстанда шаңғы спорт түрінің дамуы ақсап тұр. Шаңғышылар мен шорт-трекшілерді дайындықтан өтуге мүмкіндік бар болса да, осы бағытта кешенді жұмыс жүргізілмейді.
Елсияр Қанағатов, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры:
Коньки спорт түрлерінің федерациясы қазір шорт-трекке бағдарлама жасау керек. Оны министрлікке кіргізіп, соның бәрін бекітіп, арнайы шорт-тректі дамыту бағдарламасын жасап, жергілікті әкімдермен бірігіп жасау керек оны. Қай өңірлерде жағдай бар шорт-трекке, сонда әкімдік не істеу керек, федерация не істеу керек, Ұлттық Олимпиада комитеті, министрлік не істеу керек, соның бәрін кешенді түрде қарасақ, шорт-трек әлі деңгейі, болашағы бар спорт түрі.