Жамбыл облысында 2,5 метрлік снаряд табылды
Жамбыл облысында 2,5 метрлік снаряд табылды. Оны Байзақ ауданының тұрғыны байқап, полицияға хабар берген.
Құмды аумақтан табылған күдікті зат туралы хабарламадан кейін полицейлер оқиға орнына келіп, авияциялық снарядқа ұқсас затты анықтаған. Саперлердің тексерісінен кейін мәлім болғандай жарылғыш зат 1962 жылы шығарылған. Салмағы 500 келі болатын әскери әуе күштеріне тиесілі снаряд жарылмай қалып кеткен болып шықты. Ол кез-келген сәтте жарылып, айналасындағы 200 метрдей аумаққа зиян келтіруі мүмкін екен. Арнайы қызметкерлер жарылғыш затты қауіпсіз полигонға алып кетті. Табылған әскери қару туралы полицияға хабарлған ер адам марапатқа ұсынылды.
Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Бомбаны одан әрі заласыздандыру үшін, арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті. Полицияға әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапатқа ұсынылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19