АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге санкция жарияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге санкция жарияламақ

22.02.2022

Батыс елдері Ресейге қарсы санкция салуға әзірленіп жатыр. АҚШ, Ұлыбритания мен ЕуроОдақ елдері шектеу шараларын бүгін жарияламақ.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд Ресей халықаралық құқықты бұзып, Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қол сұққаны үшін санкцияға алынатынын мәлімдеді. Рейтердің хабарлауынша, Байден әкімшілігінің Мәскеуге қарсы шектеу шаралары жеңіл әрі мақсатты болмақ.

Ал Ұлыбритания үкіметінің басшысы Борис Джонсон болса, Ресейге өте ауыр санкция жариялайтынын мәлімдеді. Оның нақты пункттері бүгін британ парламентінде толығырақ айтылмақ.

ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері де Ресейге қарсы санкциялар жайын талқылау үшін бас қосып жатыр. Жазалау шараларының бір бөлігі бүгін мәлім етілмек. Рейтердің дерегінше, жаңа санкциялар Ресей олигархтарын, осы елдің жеке банктері мен Еуропа банктері арасындағы транзакцияларға тыйым салуды қамтуы мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу