Жалғызбасты ана баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалғызбасты ана баспаналы болды

20.02.2022

Жоқшылықта отырған жалғызбасты Айгүл Тілепованың екі баласы бар. Кішісі төрт айлық. Ол бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақыны желтоқсаннан ала бастады. Одан басқа кіріс жоқ, мүлде. Маңайдағы дүкеннің бәріне қарыз.

Айгүл Тілепова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Үлкен суммаға жеткенде бермейді қарызға, доғарады. Жүгіріп барып арзан магазиннен 85 теңгеден нан алып жейтінбіз, қазір 120-130 тг. Кейде жемей де отыратын күніміз болады.

Бұл сюжетті эфирден 3 жарым ай бұрын көрсеттік. Тауқымет тартып отырған Айгүл Тілепованы көрген «Қарекет» қайырымдылық қорының басшысы редакциямызға хабарласып, осы отбасыға пәтер алып бергісі келетінін айтты.

Айгүл Тілепова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

13 жыл пәтерде тұрдық. Көп қиналдық. Былтыр пәтерде тұрғанда есіктен кіріп, үйімізді топан су басып, терезеден шықтық. Көшіп кеттік. Бірде аш, бірде тоқ. Кейде жағатын отынымыз жоқ болады. Балаларды орап тастаймыз, көрпеге. Алғысым шексіз сіздерге. Алладан сауаптан еселеп жазсын. Бұл біздің көптен күткен арманымыз, баспанамыз.


Хабарламаларға жазылу