Қостанайда көпбалалы отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көпбалалы отбасы баспаналы болды

17.09.2018

Қостанайда алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана баспаналы болды. Алтыншаш Байбосынова бұған дейін біреудің жазғы сарайын паналап келген. Балаларына алатын жәрдемақысы сол қуықтай бөлменің пәтер ақысына кететін. Баспана сұрап құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырғанымен одан нәтиже шықпаған еді.

Жалғызбасты анаға «Харекет» қайырымдылық қоры көмектесіп, қаладан пәтер сатып алып берді. Бір жыл ішінде аталмыш қор еліміз бойынша 30 адамға баспана алып берген. Ал Алтыншаш Байбосынова Қостанай облысындағы «Харекеттіктердің» жәрдемімен баспаналы болған екінші адам. 

Алтыншаш Байбосынова, көпбалалы ана:

- Алғысым шексіз. Өте қуаныштымын. Балаларым да қуанып жатыр. Шынымды айтсам баспана аламын деп ойлаған жоқпын. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу