Түркістандық жамағат жалғызбасты анаға пәтер сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық жамағат жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

06.06.2019

Қожа Ахмет Яссауи мешітіне айт намазына жиналған қауым осындай игілікті істің куәсі болды.

Баспаналы болған жалғызбасты ананың 4 баласы бар. Осыдан 8 жыл бұрын Ауғанстаннан ата жұртқа оралған қандасымыз. Шиеттей баланы асырау үшін талай жыл тер төксе де, тапқан-таянғаны үйлі болуға жетпеген. Фатима қазір орталық мешітте еден жуушы болып істейді. Оның қиын тағдырына бей-жай қарамаған мешіт ұжымы оған осындай тарту жасады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу