Көкшетауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй құрылысы аяқталмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй құрылысы аяқталмай жатыр

09.01.2015
Көкшетауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй құрылысы аяқталмай жатыр

Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрге жуық болатын үйлерге жұрт өткен жылдың қыркүйек айында қоныстануы тиіс еді.

Алайда пәтер иелері әлі күнге дейін құрғақ уәдеге қарық болып келеді.

Әлия Ақышева Көкшетау қаласында жер үйді жалдап тұрады. «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алуға болатындығын естіген жалғызбасты ана бірден шот ашады.

Үш жыл бойы жиған тергенін банкке сақтаған ол төрт ай бұрын баспаналы боламын деп ойлаған.

Алайда заңды баспанасына әзірше қол жеткізе алар емес.

Өткен жылы Көкшетау қаласында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бірде-бір тұрғын баспаналы болған жоқ.

Ал, биыл 25 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру межеленген. Оның қаншалықты жүзеге асатынына ешкім кепілдік бере алмай отыр.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу