Украина төңірегіндегі дағдарыстың дипломатиялық шешімін табуға үміт бар. АҚШ, Ұлыбритания лидерлері осындай пікірде. Ақ үй өкілінің сөзінше, мұны Джо Байден мен Борис Джонсон дүйсенбінің кешінде телефон арқылы әңгімелесу кезінде мәлімдеген. Екі ел басшыларының ойынша, Ресей Украинаға басып кірсе, бұл дағдарыс ұзаққа созылады.
Мәскеу де келіссөздерге дайын. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, тараптар арасында келісімге келу мүмкіндігі таусылған жоқ.
Украина президенті де барлық мәселені келіссөз бен дипломатия арқылы шешуді қалайтынын жеткізді. Владимир Зеленский ақпанның 16-сын украиналықтардың бірлігі күні деп жариялады. Айта кетсек, бұған дейін Құрама Штаттар дәл осы күні Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деп мәлімдеген еді.
Арай Төлегенқызы