Қаңтар оқиғасы: «Көктөбе» телемұнарасын басып алмақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: «Көктөбе» телемұнарасын басып алмақ болғандар ұсталды

15.02.2022

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі шетел азаматы анықталды. Олар қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні қала әкімдігін басып алғандардың қатарында болған. Ғимаратты қорғап тұрған арнайы күзет қызметінің адамдарын аяусыз соққыға жыққан. Өз ойларын жүзеге асыру үшін полиция қызметкерлерінен тартып алған дубинкалар мен қалқандарды пайдаланған.

Екі шетел азаматы 1 ақпанда сот шешімімен қамауға алынды. Бас прокуратура видео материалдарды тексеру барысында олардың кім екенін анықтаған. Сондай-ақ, 6 қаңтар күні «Көктөбе» телемұнарасын басып алмақ болған топтың ұйымдастырушысы ұсталды. Ол Алматы маңында тұратын, бұрын сотталған, 1983 жылғы азамат болып шықты. Оның жақтастары қылмысқа қатысқысы келмеген бейбіт тұрғындарды қарумен атып жаралаған.  

Хабарламаларға жазылу