Ресейде бір тәулікте 183 мыңнан астам адам індет жұқтырған
Ресейде коронавирусты жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Бір тәулікте 183 мыңнан астам адамнан індет анықталған.
Индира Бегайдар, тілші:
Қазір, әр бесінші науқастың төртеуінен «омикрон» штамы анықталуда. Мамандардың пікірінше, індет шарықтау шегіне жетті. Мәскеу, Санкт-Петербург және Мәскеу облысында вирус жұқтырғандар көп. Дәрігерлер Ресей халқының шамамен 20 пайызында коронавирус ауру белгілерінсіз өтіп жатқанын хабарлайды. Қазір 85 өңірде 12 жастан асқан балаларға вакцина салынып жатыр. Бүгінгі күні 41 мыңнан астам бала екпе алған.
Николай Малышев, дәрігер-инфекционист:
Әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар «омикрон» штамын жиі жұқтырып жатыр. Сондықтан балаларға екпе салуға баса назар аударылуда. Тіпті 5 жастан асқандарға екпе салу үшін клиникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бір жылдай уақыт алады.
Науқас санының көбейгеніне қарамастан карантиндік шаралар жеңілдетілді. Енді вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар үшін карантин алынып тасталды. Сонымен қатар коронавируспен ауырған адам 7 күннен артық ем қабылдаса, қайта ПТР-тест тапсыру талап етілмейді. Жалпы елде 80 милионнан астам адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19