Батыс Қазақстанда облыстық Полиция департаменті бензинді жоғары бағамен сатып алған
Батыс Қазақстанда облыстық Полиция департаменті жанармайды кәсіпкерден жоғары бағаға сатып алған. Биыл энергетика министрінің бұйрығымен облыста Аи-92 маркалы бензиннің шекті бағасы 182 теңге деп бекітілген еді. Алайда, полиция департаменті бастығының орынбасары «МегаОйлОрал» серіктестігінен бензиннің әр литрін 210 теңгеге сатып алу туралы бірнеше келісімшартқа қол қойған. Сөйтіп, жарты миллионға жуық бюджет қаржысын негізсіз жұмсаған. Бұл деректі мемлекеттік сатып алу порталынан «Әділдік жолы» бірлестігінің мамандары анықтап, құзырлы органдарға хат жіберді.
Бауыржан Ахметжан, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының өкілі:
Облысымыздың Полиция департаменті бензинді 210 теңгеге сатып алған. Ең қызығы, «МегаОйлОрал» серіктестігі полициямен тағы да артық бағаға заңсыз шарттарға қол қойған. Полиция департаментінің жауапты тұлғасына қатысты ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жауапқа тарту туралы хаттама жолданды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13