Қаңтар оқиғасы: Бейнекамераларға түсіп қалған видеолар таралып жатыр
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында да қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктің болғаны белгілі. Қаланың бейнекамераларына түсіп қалған жаңа видеолар таралып жатыр. Бейнежазбалардан 3 мыңға жуық бүлікшінің полиция қызметкерлері мен әскерилерге шабуыл жасағанын байқауға болады. Сондай-ақ, көліктерді сындырып, төңкеріп, қалқандарын тартып алған.
Мына видеодан әкімдік ғимаратына тас атып, баса көктеп кіруге әрекет еткен топты байқаймыз. Ал мында Полиция департаменті ғимаратының есіктерін сындырып, агрессивті әрекет еткендер әшкереленген. Талдықорғанда жалпы саны 7 мемлекеттік нысан бүлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарына 4,5 млрд теңге жұмсалады. Ал 131 коммерциялық нысанға 9 млрд теңгеге жуық материалдық-мүліктік зиян келтірілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы