Елімізде күзетші, бухгалтер, сатушы, жүргізушілерге сұраныс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде күзетші, бухгалтер, сатушы, жүргізушілерге сұраныс артады

04.02.2022

Биыл бірқатар мамандық түрлеріне сұраныс артады. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» нарыққа қажет жұмыскерлердің тізімін таратты.

Елде 6 млн 800 мың адам жалдамалы жұмыста. Нарықта оларға тағы сұраныс артып отыр. 188 мың адам керек. Әсіресе күзетші, бухгалтер, сатушы, жүргізушілер көбірек қажет. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлеріне талап жоғары. Қазір елде жұмыссыздар саны 460 мыңнан асты. Яғни, жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз.


Хабарламаларға жазылу