Жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері артады

27.02.2023

Жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл мөлшері енгізіледі. Нақтырақ айтсақ арнайы белгі қойылған жерлерде жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғандар 69 мың теңге төлеуге міндеттелмек.Ал, 80-нен асырғандар 138 мың теңге айыппұл арқаламақ. Бұған не себеп, ережеге қатысты жүргізушілер мен сарапшылар не дейді?


Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Алматы - еліміздегі ең үлкен қала. Шаһарда 580 мыңнан астам көлік тіркелген. Оған сырттан кіретін тағы 300 мыңды қосыңыз. Салдарынан мегаполисте күніне 600-ге жуық жол жол жүру ережесі бұзылады. Бұл анау тұрған бейнебақылау камералары арқылы қаланы бақылайтын ПД мамандарның берген ақпараты.
Мұнда 5000-нан астам бейнебақылау камерасы бар. Олар күні-түні кезектесіп қызмет атқаратын мамандардың назарында. Қазір менің жанымда қалалық полиция департменті бассөз қызметінің өкілі Еркін Өтегенов тұр. Еркін мырза, былтыр шаһарда жылдамдықты асыру деректері бойынша қанша жол ережесі бұзылды? Ал жыл басынан ше?
Еркін Өтегенов, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

Былтыр Алматыда 3826 жол көлік орқиғасы тіркеліп, 4364 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал 96 жолаушы көз жұмған. Мамандар жол апатының басым бөлігі жылдамдықты асырғаннан орын алып жатады дейді. Жылдамдықты тежеуге арналған жаңа ереже қандай өзгеріске алып келуі мүмкін?

Алексей Алексеев, автосарапшы:

Бұл қатаңдату мелекеттік қазынаны толтырудың амалы деп ойлаймын. Белгі қойылған жерлерде жылдамдықты 40 шақырымнан асырғандар 69 мың теңге ал, 80-нен асырғандар 138 мың теңге айыппұл төлейді. Қара халықтың қалтасы көтермейді оны. Ресми статистикаға сүйенсек жол апаты жылдамдықты асырғаннан емес, көбінесе көліктердің қарсы бетке шығып кетуінен немесе жаяу жүргіншілердің салғырттығынан орын алып жатады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ал бұған жүргізушілер не дейді. Әрбір қиылыста қаз-қатар тізілген бейнебақылау камералары мен шақырымдарға созылып кететін кептелістен мезі болған шопырлар бұл жаңалықты қалай қабылдады?

- Мәжбүр болып қаламыз. Пендеміз ғой кейде асырып қоямыз. Айыппұлдың мөлшері үлкен. Қарапайым халыққа ауыр келеді.
- Ол өте орынды деп ойлаймын. Ол өзіміздің қауіпсіздігіміз ғой. Көлікті сақтықпен басқарайық, ережені бұзбай жүрейік.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жүргізушілердің пікірі әртүрлі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Әділет министрілігінің мәліметінше қазір құжат ашық талқылауда.

Хабарламаларға жазылу