ІТ мамандарға сұраныс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІТ мамандарға сұраныс артады

21.02.2019

Оқушыларды бүлдіршін шағынан бастап ІТ жобаларға тарту маңызды. Бұл тақырып «Нұр Отан» партиясында өткен конференция барысында терең талқыланды. Қазір еліміздің мектептерінде арнайы жабдықталған ІТ сыныптар ашылып жатыр. Үйренем деушілерге тегін қызмет көрсетеді.

Балаларды қай бағытта үйреткен жөн? Қай салаға басымдық беру керек? Жиынға қатысқан мамандар, 17 облыстың өкілдері және шетелдік компанияларда еңбек етіп жүрген қазақстандықтар бұл сұрақтарға нақты жауаптар айтты.

Сәуле Бахтымбек, «Нұр Отан» партиясы жобасының жауапты жетекшісі:

- Біз трендтер сағат сайын жаңарып жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемде бүгінгі даму үрдісі сақталса, алдағы уақытта ІТ мамандарға сұраныс еселеп артады. Сондықтан келер ұрпақ кез келген жаңашылдықты қабылдауға дайын болуы керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу