Биыл қандай мамандықтарға сұраныс артады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қандай мамандықтарға сұраныс артады?

11.01.2021

Биыл қандай мамандықтарға сұраныс артпақ? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соның тізімін ұсынып отыр. 

Оны шаштараз, күзетші және есепші бастап тұр. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілері мен мұғалім, дүкен сатушысы, аспаз және көлік жүргізушілері қажет. Жаттықтырушы, медбике, терапевт дәрігер, тракторшы және супервайзерлерге де сұраныс жоғары болмақ. Айта кетейік, сұранысқа ие мамандықтардың тізімі экономикалық өсімді қалпына келтіру аясында іске асатын бағдарламалардың негізінде жасалған.

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу