ОПЕК: Әлемде мұнайға сұраныс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК: Әлемде мұнайға сұраныс артады

14.09.2021

Алдағы уақытта мұнайға әлемдік сұраныс артады. ОПЕК сарапшылары қара алтын саудасына қатысты болжамды жақсартты. Олардың пікірінше, биыл күніне 96 млн баррельге сұраныс болса, келер жылы бұл 100 млн баррельден асып, пандемияға дейінгі деңгейден жоғары көтеріледі. Ұйым сонымен бірге биыл мұнай өндірісі азаятынын айтқан. ОПЕК-тің сараптамасы нарықтағы мұнай бағасына әсер етті. Шикізат құны 73 доллардан асты.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу