Украинада түріктің әйгілі «Байрактар» дронын шығарылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада түріктің әйгілі «Байрактар» дронын шығарылатын болды

04.02.2022

Украинада түріктің әйгілі «Байрактар» дронын шығарылатын болды. Бұл туралы келісімге презент Реджеп Тайып Ердоған мен оның әріптесі Владимир Зеленский Киевте қол қойды. Украина басшысының сөзінше, бұл өндіріс елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеспек.

Кейбір мамандардың пікірінше, 2020 жылы Таулы Қарабақ үшін соғыста осы пилотсыз аппараттар Әзербайжан армиясының басым түсуінде маңызды рөл ойнады. Сондықтан «Байрактар» Украина әскеріне ресейшіл сепаратистермен соғыста да үстемдік етуге жәрдемдесуі мүмкін.

Сонымен қатар, Украинаның территориялық тұтастығын қалпына келтіруге шақырған Ердоған Түркияның Киев пен Мәскеуді татуластыруға күш салатынын атап да өтті.

Реджеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Біз бұған дейін айтқанымыздай, Түркия осы дағдарысты аяқтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға әзір. Ресей мен Украина – Қара теңіз жағалауындағы бауырлас елдер. Және де біз екі мемлекет лидерінің саммитін басшылар немесе техникалық деңгейде өткізуге де дайынбыз.

Ал АҚШ әскерлері Шығыс Еуропаға аттануға әзірленіп жатыр. Олар Ресейдің 100 мыңнан астам жауынгері Украина маңына, 30 мыңдай сарбазы мен техникасы Беларуське жеткенде Қарт құрлыққа барады. Батысқа сенсек, Мәскеу Украинаға әскер кіргізуі мүмкін. Алайда Кремль мұны үнемі жоққа шығарып келеді.


Хабарламаларға жазылу