Қостанайда оқушылар ахметтанушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда оқушылар ахметтанушылармен кездесті

03.02.2022

Қостанай облысында балаларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау жұмысы сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. ЮНЕСКО көлемінде тойланатын Ұлт ұстазының 150 жылдығына орай мұндай іс-шараларды жыл бойы өткізу жоспарланған. Соның алғашқысы облыс орталығындағы 28-мектеп гимназияда ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен оқушылар дөңгелек үстел басында ахметтанушылармен кездесіп, тың деректерге қанықты. Сонымен қатар ұлт ұстазының өмір жолынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Аймақтағы өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату мақсатында меморандум қабылданды.

Марғұлан Әбдібеков, мұғалім:

 Бүгін осы іс-шарада театр және облыстық филармониямен меморандумға қол қойылды. Бұл келісімшарт негізінде театр үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар мен кәсіби актерлар бірігіп, Ахмет атамыз жайлы спектакльдер қояды.


Хабарламаларға жазылу