Қостанайда оқушылар арасында поэзия сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда оқушылар арасында поэзия сайысы өтті

01.11.2014
Қостанайда оқушылар арасында поэзия сайысы өтті

Өлең жазуға құмар жеткіншектер кәсіби қаламгерлердің алдында өз шығармаларын оқыды.

Олардың бәрі қаладағы қазақ мектептерінің шәкірттері. Поэзия сайысы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметіне арналған. Биыл ағартушының қазақ жерінде алғаш мектеп ашып, қоңырау соққанына 150 жыл толды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражай қызметкерлері мен ұстаздар қауымы оқушылар арасындағы әдеби-мәдени іс-шараны осыған орай ұйымдастырған. Мақсат – ұлы ұстаздың өмірін үлгі ету арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дәуренбек ӘБДІБЕК  

Хабарламаларға жазылу