Астаналық оқушылар тарихшы-ғалыммен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық оқушылар тарихшы-ғалыммен кездесті

15.02.2019

Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен қазақ хандарын дүниеге әкелген Ұлы дала. Астана мектептерінің оқушылары мен тарих үйірмесінің белсенділері Оқушылар сарайында профессор, тарихшы Жамбыл Артықбаевпен кездесу өткізіп, тарихи деректер туралы профессормен пікір алмасты. Жас тарихшылар мен кәсіби тарихшының кездесуіне Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түрткі болған.

Шараны Астанадағы Оқушылар сарайы жанынан арнайы құрылған «Астана - Ұлы дала елордасы» жобалық орталығы ұйымдастырған. Тарих кешінде ұлы даланың тұлғалары мен тарихи кезеңдер туралы әңгіме өрбіп, қызу пікірталас болды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу