Ардагер қаламгер жас журналистермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагер қаламгер жас журналистермен кездесті

05.11.2015
Ардагер қаламгер жас журналистермен кездесті
Қажы Қорғанұлы – қазақ телевизиясының ардагері, алғашқы дикторлардың бірі.

«Өз өңірінің жылнамашысы» атанған Қажы Қорғанұлы туған жері Қостанайда болып, жұртшылықпен жүздесті. Қажы Қорғанұлы – қазақ телевизиясының ардагері, алғашқы дикторлардың бірі.

Ол ұзақ жыл осы салада еңбек етіп, қазақ журналистикасында жаңа саланың қалыптасуына үлес қосты. Сонымен қатар, Ішкі істер қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар қызметі туралы деректі әңгімелердің авторы.

Қостанайда ардагер өз кейіпкерлерімен кездесті. Облыстық телеарна ғимаратында болып, қалам ұстаған кейінгі буын өкілдерімен сұхбаттасты. Аймақтық арна ұжымы Қажы Қорғанұлына домбыра сыйлады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу