Қостанайда жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жаңа мектеп ашылды

22.09.2015
Қостанайда жаңа мектеп ашылды

Қостанайда қазақ тілінде білім беретін жаңа мектеп ашылды.  Қаланың солтүстік-батыс ауданында  бой көтерген сәулетті ғимараттың құрылысында мемлекет қазынасынан 1 миллиард 300 миллион теңге жұмсалған.

Мектепте 500 бала тәлім алады.   Бұған дейін қаланың өзге аудандарына қатынап оқып жүрген оқушылар, енді бұл машақаттан құтылды. Жаңа мектеп ғимараты сәнді әрі  заманауи жабдықтармен қамтылған. Мұғалімдер құрамы толық. Мектеп жанынан 100 балаға арналған шағын орталық та қоса ашылды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу