Түркияда 12 мигранттың денесі табылды
Түркияның жағалау қызметі 12 мигранттың денесін тапты. Олар аязда үсіп өлген. Марқұмдардың денесі Грекияға жақын жерден табылды. Түркия Ішкі істер министрі грек жағалау күзетін мигранттарды аяқкиімсіз кері қайтарды деп айыптап отыр. Ал Грекия тарапы мұны «жалған пропаганда» деп, қайтыс болған шетелдіктер шекарадан өтпегенін мәлімдеді. Қаза тапқан мигранттардың қай мемлекеттің азаматтары екені белгісіз.
Айта кетсек, Түркия осы кезге дейін 4 миллиондай сириялық босқынға пана берген. Сонымен бірге мұнда 300 мыңдай ауғандық тұрып жатыр. Анкара бұдан былай мигранттарды қабылдамайтынын ескертті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25