Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды

02.02.2022

Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Сырдария мен Шымкент университеттері ең төмен көрсеткіштерге ие. Білім және ғылыми министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады.

Оған сай көпсалалы жоғары оқу орындары арасындағы жалпы рейтингте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Қазақстан-Неміс университеті үздік атанып, көш басында тұр. Ал заң саласы бойынша Нәрікбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік заң университеті, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» бағыты бойынша Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бойынша - Қозыбаев атындағы СҚМУ алдыңғы орында тұр. Рейтингті «Атамекен» палатасы жүргізіп, жоғары оқу орындарын 19 талап бойынша бағалаған.

Олардың ішінде түлектердің болашақтағы мансабы, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері бар. Былтыр жұмысқа орналасқан түлектердің саны біршама артқан.


Хабарламаларға жазылу