Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу керек

11.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сөзінде білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының елімізде филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл ең алдымен білім сапасын арттырып, білікті мамандарды оқытып шығаруға мүкіндік бермек. Сондай-ақ жоғары технологияларды игеруге де жол ашады дейді блім саласының мамандары.

Дария Қожамжарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

Президенттің тапсырмасының ішінде өңірлерде шет елдің рейтингі жоғары топтағы университетімен жұмыс істеу, оқытушы- профессорлар құрамымен араласу мәселесі қарастырылып отыр. Бұл біздің елімізге жаңа технологиялар алып келетініне кәміл сенімін. Және біздің оқытушы-профессорлардың көпдеңгейлі бағытта жұмыс істеуіне жол ашады деген ойдамыз.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу