Университеттердің халықаралық рейтингісі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Университеттердің халықаралық рейтингісі жарияланды

15.09.2014
Университеттердің халықаралық рейтингісі жарияланды

Университеттердің халықаралық рейтингісін түзетін QS көрсеткіші жарияланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті озық 300 оқу орнының қатарында болса, Лев Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университеті  алғашқы 400 жоғары оқу орны қатарынан көрінді.

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев хабарлады. Тағы 7 университет  үздік 800 жоғары оқу орындарының  тізіміне кірді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу