Қазақстан - әлем бойынша сапалы білім беретін елдердің қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - әлем бойынша сапалы білім беретін елдердің қатарында

24.05.2018

Жақында жарияланған «Quacquarelli Symonds» рейтингі бойынша, біздің еліміз ең мықты жоғары білім жүйесі бар 75 мемлекеттің ішінде 37-ші орынға шықты. Ал, осы рейтингтің жекелеген оқу орындарына арналған тізіміне Қазақстанның 8 бірдей университеті енген. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен «QS WORLDWIDE - 2018» атты халықаралық конференция кезінде белгілі болды.

Жиында Қытай, Гонконг, Ұлыбритания, Ресей сынды бірқатар елдерден жиналған мамандар, университеттердің жоғары жетістікке жетудегі стратегиялары, ғаламдық университет брендін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 

Конференция барысында еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының басшылары, өздерінің шетелдік әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу