Алматыда балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

31.01.2022

Алматыда балалар коронавируспен жиі ауыра бастады. 168 бүлдіршін ем алып жатыр. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру көрсеткіші 5,4%-ға, ал жасөспірімдерде 1%-ға артқан.

Сондай-ақ Әсел Қалықованың сөзінше, мегаполистегі эпидахуал тұрақталып келеді. Дегенмен, 20-39 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі азайғанымен, вирус осы жастағылар арасында жиі тарап отыр. Соңғы тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын 1556 адам жұқтырған. Инфекциялық стационарларда 1 600 науқас емделіп жатыр. 99 пациенттің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. 22 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған. Мамандардың айтуынша, қалада жаппай екпе алу мен ревакцинация қарқынды жүргізілсе, «қызыл» аймақтан тезірек шығып, бұрынғы өмір ағысына оралуға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу