Азық-түлік бағасы қолжетімді болуы тиіс - Әлихан Смайылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасы қолжетімді болуы тиіс - Әлихан Смайылов

31.01.2022

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының ең көп өсімі елордада – 1,5%-ға, Ақмола облысында – 1,4%-ға, Ақтөбе облысында – 1,1%-ға және Жамбыл облысында – 1%-ға тіркелді. Бұл туралы Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңесінде айтылды.

Әлихан Смайылов аталған өңірлер әкімдіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықты қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын сынға алды. Сіздердің міндеттеріңіз – халыққа бірінші кезекте қажетті тауарларды қолжетімді бағада қамтамасыз ету», — деп атап өтті премьер-министр. «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қолжетімді болуы тиіс деді Әлихан Смайылов.


Хабарламаларға жазылу