Әлеуметтік зерттеу: Жаңаесіл ауылдық округінің қазіргі жағдайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік зерттеу: Жаңаесіл ауылдық округінің қазіргі жағдайы

30.01.2022

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында: Кезінде Республиканың статистика қызметін басқарған Сіз бізде статистикалық мәліметтер облыс әкімдері мен министрліктердің ыңғайына қарай, бұрмаланып беріліп келгенін жақсы білесіз ғой деп ойлаймын, депті. Біз бір ауылға барып, өзімізше әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Қанша адам тұрады, неше адам жұмыспен қамтылған?

Негізінен, категория болып енгізілгелі ащы мысқыл туғызып келе жатқан «өзін өзі жұмыспен қамтитындар». Сонымен бірге мал басы, жайылым мәселесі. Ең бастысы – медициналық көмек пен ауыз су мәселелері шешілген бе? Жол бар ма? Клуб, басқа да мәдени ошақ ше? Ақмола облысы Жаңаесіл ауылдық округінен Амангелді Сейітханның әлеуметтік – статистикалық репортажы.

Директор:

Бір сыныпта 3-4 баладан оқиды. Бала саны аз, жастар кетіп жатыр... 

Тұрғын:

Міне, мал, міне, қараңыз, 1 млн жейді. Менің балаларым млнның азығын жемейді...

Тұрғын:

Совет үкіметі кезінде 10 мыңнан артық бас мал болған. сол 10 мың бағылған жерге қазір біз 2-3 мың басты сыйғыза алмай отырмыз.

Дәрігер:

Бұрын мына больница жақсы болды. Перестроика басталды, сол кездерде стационар жабылды.

Талғат Зайнелұлы - Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі:

Біздің округқа 3 ауыл қарайды. Ол орталық ауыл Жаңаесіл. Содан кейін Мортық ауылы бар и Қарамеңді батыр ауылы бар. Қарамеңді батыр ауылында 1170 адам халық тұрады. Мортық ауылында 248 адам тұрады. Қалғанының бәрісі осы Жаңаесіл ауылында тұрады.

Окургтегі ең кішкентай ауыл – Мортық. Жаңаесілден 5 шақырым қашық жатыр. Бірақ, кішкентай елдімекеннің өзінде үлкен мәселелер бар.

Қанат Кемеров, ауыл тұрғыны, кәсіпкер:

Ең қиын нәрсе жол мәселесі мен су мәселесі. Сулар қазір модульдар бар. Оның өзіне халық тәубе деп отыр. Бірақ, қазір 21 ғасырда су үйдің ішінде болу керек деп есептейміз...

Ермұхан Жұмабеков, ауыл тұрғыны:

Тәуелсіздік алғалы 30 жылдық болды ғой. Сол 30 жылда ауылға Астананың іргесінде тұрамыз ғой... +02:16 Үкіметтен ешқандай көмек жоқ. Ауылда бәрі мал ұстап, солай күн көріп жатыр...

Болат Мәжитұлы, Мортық ауылдық орта мектебінің директоры:

Бұл мектеп ваще 120 балаға арналған. Қазір менде 40 шақты бала оқып жатыр. 14 мұғалімім бар. 7 техперсонал бар. +01:58 Бір сыныпта 3-4 баладан оқиды. Бала саны аз, жастар кетіп жатыр. Үй жоқ, жұмыс жоқ содан кетіп қалып жатыр. +01:33 Ауданнан сұрайтыным, осы ауылға генплан берсе. Біздің ауылда генплан жоқ, ешкім келе алмайды, үй сала алмайды...

Талғат Зейнелұлы, Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі:

Жалпы, жұмыс істеп жатқан халықтың саны - 2300 адам. Мұның ішінде көбі Астана қаласы жақын болғасын сол Астана қаласында жұмыс істейді... 

Сол 2333 адамның где-то бір 30 пайызы ауылда істейді. 70 пайызы қалада. Неге десеңіз көбі «жасыл аймақта» істейді. Ауыл болғасын, шаруашылық, малдары бар, ет-сүт өнімдерін, сол огородтармен айналысады. Мал басы дәл бүгін санағанда так 1870 қарабасы бар. Ол жекеменшік ұстайтын малдар. Жылқыға келгенде сол 1000-1100 жылқы бар.

Қанат Кемеров, аул тұрғыны, кәсіпкер:

Жайылым бар. Оны ешкім ешқайда алып кеткен жоқ. Осы біздің Жаңаесіл ауылдық округында Совет үкіметі кезінде 10 мыңнан артық бас мал болған. Cол 10 мың бағылған жерге қазір біз 2-3 мың басты сыйғыза алмай отырмыз. Кейбір жерлерде пастбищені частниктер алып алған. Халықтың малын бақтыртпайды. Ол дұрыс емес...

Нұрлан Ысқақов, ауыл тұрғыны:

Біздің жеріміз мына арендаға ТОО-ға бергенбіз. Соны енді үлесімізді дұрыстап бермейді. Қашан бергісі келеді, міне 21-жыл бітті, бізге 22-жылдың күзінде бергелі отыр. Ондай заң жоқ. 

-Сіз сол үшін ТОО-дан жеріңізді алғыңыз келеді. 

-Аха, алып, КХА, СПК дей ме өзім егіп, кісілермен бірігем бе, соны өз малымды асырап, налогын төлеп, статус алғым келеді. Мен самозанятыймын, ал анау безработныйдан алды да самазанятый қылып қойды... Сондай жағдайға мына заңды мыналарға беріп қойған, соларды ТОО-ларды защищать етеді...

Қанат Кемеров, аул тұрғыны, кәсіпкер:

Пайщиктар мысалыға директор ТОО-ға келмеу керек шығам деп. Ол жер үкіметтікі дейміз, жер мемлекеттікі. Мемлекеттік орган жаңағы жер қатынастар комитеті. Жер қатынастар комитетіне келіп мен осындай жерімді, пайымды аламын деу керек те, арыз тастап, аудан әкіміне бару керек. Аудан әкімі ТОО-ның шешіміне қарамай соны рәсімдеу керек. Сонда мынадай проблемалар болмайды. Мұның бәрі қолдан істеліп отырған проблема. Проблеманы создавать ететін хоссубьектілар, ал жауап беретін әкімшіліктер. Сонда кім кінәлі. Заң бойынша соның бәрін реттеу керек те...

Ауылда реттелуі тиіс келесі проблема - медициналық көмек мәселесі. 

Рәзия Сұлтанова, жалпы тәжірибе мейірбикесі:

Осы Жаңаесілдің больницасында 85 жылдан істеп жүрмін. Бұрын мына больница жақсы болды. Бұрында бізде хирургический де отделение болды, терапевтическая, детская была, гинекологический тоже болды. Бізге относиться Мортық ауылы, Қарамеңді, Тастақ. Бізді түнде шақырғанда қиындау...

Рәзия Сұлтанова, жалпы тәжірибе мейірбикесі:

Зарплата енді көтеріп жатыр по тихоночку...Ставкамыз 79 мың енді, 130-дай аламыз. Енді біздің поликлинкада обеспечение лекарства бар. Скорый помошь алдық, благодария нашему предпринимателю...Сосын бізге ремонт керек капитальный...

Жөндеуді қажет етіп тұрған тағы бір нысан - Қарамеңдідегі мәдениет үйі. 

Серік Сейтханұлы, Қарамеңді батыр ауылдық клубының меңгерушісі:

Өзіңіз көресіз ғой суық. Качигарлар жұмыс істеп жатқанда бірақ, жылу кетіп қалады. Балалар киіммен отырады осында. 1 сағаттай. Балалар 10 шақты домбырада, танцевальный 25-20. 

-Сіздерде айлық қалай? 

-Менің айлығым 120 мың. Домбырада пол ставка, где-то 60 мың и танцевальный 60 мың.


 Ауылдағы ғимараттардың бәрі ескі емес, әрине. Мәселен, Қарамеңдіде 2019 жылы жаңа мектеп салынған. 

Қарашаш Сұраншиева, Қарамеңді батыр ауылдық орта мектебінің директоры:

10 жыл бұрын ескі ғимарат болды. 70 орындық. 3 ауысымда оқыған едік. 3 ауысымда жою мақсатында біздің жаңа мектебіміз тұрғызылды. Қазіргі таңда даярлық топпен қосқанда 9 жылдық мектеп 161 бала, 35 мұғалім жұмыс істейді.

Талғат Зейнелұлы, Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі:

Мысалы Жаңаесілдің бойында 12 көше. Қарамеңді бойында 8 көше, Мортық ауылында 3 көше бар. 

-Солардың қаншасына асфальт төселген.

-Дәл бүгін 4 көше Жаңаесіл бойында. Енді тағы планда бар. 06:07 12 көше Жаңаесілде ойлаймын асфальтталып болады деп./

Қанат Кемеров, аул тұрғыны, кәсіпкер:

Ешқандай мемлекетте 100 проценттік обеспечение болмайды. Қазір мемлекет тарапынан қаншама программалар болып жатыр. Соның кейбіреулерінен біз қалып қойып жатырмыз. Содан кейін барып мына жергілікті ауылдық әкімдердің білімін жоғарылату керек. Өйткені, ол кісілерден көп жұмыс. Үкімет тарапынан көп ақшалар бөлініп жатыр, солардың бәрін байқап, қарап отыруға юридический образования керек пе... Cондай болу керек...

Болуы керек дүние көп... Бастысы, Мортықты қоспасақ, жалпы, Жаңаесілде халық саны азаймаған. Өйткені бұл ауылдан көшкендердің орнын «Елордаға сәл де болса жақындайық деп» сонау шалғайдан келіп жатқандар толтырады... 

А.С., Е.К. АПТА


Хабарламаларға жазылу