Биыл балалар жылы. Ал жыл қайғылы басталды. Баланың бәріне бақытты балалық шақ жасап бере алмай отырғанымыз өз алдына, оларды стресске түсіріп, жан күйзелесіне апарып жүргенімізді ойламаймыз да. Біздің елімізде балалар арасында өзіне қол салу оқиғасы көп. Қанша екенін айтудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Мәселе – баланың өмірден түңілуінде, ал сорақысы - оны байқамауда.
Мектеп психологтары... бұған дейін де айтып жүргеніміздей, олар аз және мектеп директорына бағынатындықтан, оқушылар сене қоймайды. «Мектеп басшылығына, ата-анама айтып қояды» деп бармайды. Сонымен қазір бізде екі проблема асқынып тұр: онлайн оқудан білім сапасының нашарлауы, жан күйзелісіне түсетін балалардың көбеюі.Оңғар Алпысбайұлының материалы.
Пандемияның кесірінен Қазақстан мектептері тура 12 ай бойы қашықтан білім берген. Оның 2,5 айында оқушылар үздіксіз онлайн оқыса қалған уақытта біресе үйден білім алды, біресе мектепке барды. Әлем елдерімен салыстырсақ мектептеріміз ең ұзақ уақыт жабық тұрған елдердің қатарындамыз.
Мәселен Қырғыз Республикасы 6,5 ай, Ресей, Армения, Өзбекстан мектептері 3 ай ғана онлайн форматта оқытқан. Польша 10,5 ал Германия 9,5 ай қашықтан білім берген.
Ал, онлайн оқу оңай емес екенін бәріміз түсіндік. Ресми мәлімет бойынша елдің 98,3 пайызында интернет бар. Бірақ, оның сапасын ешкім зерттеп жатқан жоқ. (ГЕО: АЛМАТЫ) Мәселен, Алматы қаласының Наурызбай ауданы, Қайнар бірлестігінде мыңнан астам тұрғын бар. Ал, ұялы байланыс бірде бар, бірде жоқ.
Құндызай Кеншінбаева, Наурызбай ауданы Қайнар бірлестігінің тұрғыны:
Кәдімгідей звонок даусы дұрыс естілмейді. Уже интернет туралы айтпасақ та. Акимат бізге айтқан енді. Мына үй біткеннен кейін солардың төбесіне антенна қойып береміз деп. Біз оған да келіскенбіз. Үй бітті. Вопрос так и шешілместен қалды.
Мектептерінің офлайн форматқа ауысқанына 1 апта болды. Барып оқитынымызды білгенде қуанышымызда шек болмады дейді өздері.
Рамазан Әбдіғали, оқушы:
Зумға кіре алмайсың. Кірген кезде де шығара береді. Апайдың сөздерін ести алмайсыздар. Содан кейін онлайн мектепке кіресіздер. Кейбір сабақтар орындалады, кейбіріне вообще кірмейді. Сеть нашар.
Көп жағдайда ата-аналар балаларымен бірге оқыды.
Шолпан Қонаева, Наурызбай ауданы Қайнар бірлестігінің тұрғыны:
Сабақ үлгерімі біраз төмендеді десе де болады. Өзім қосылып отырдым ғой. өзім түсіндіріп, бірге ізденіп материалдарды іздеп, бұрынғы мектепте оқыған кездерді есіме түсіруге тура келді.
Ал, барлық ата-ананың осылай балаларымен бірге отыруға уақыты жоқ екені айдан анық. Көп балалы отбасыларда құрылғылардың жетпейтіні тағы бар. Оралда тұратын Байғанатовтар отбасында бес баланың екеуі оқушы. Әйтеуір мектептен компьютер беріліпті.
Назгүл Байғанатова, көпбалалы ана:
Екі компьютер берді екі балаға. Екі бала оқығасын үйде. Мектептен оқытса, құба-құп, келісеміз ғой. Онлайн деп алдында бір хабар келгенде көңілдері түсіп, "ма ол қиындау ғой" деп. Қанша дегенмен көзбе-көз отырып, сұраған жақсы ғой, телефонмен хабарласқаннан.
Ал бала оқытуға шамасы жетпеген ата-аналардың жүйкесі қалай жұқарғаны туралы түрлі ащы әзілдер қаптап шықты.
Негізі қалжыңдайтын уақыт емес.Жуырда PaperLab зерттеу орталығы Орталық Азия елдеріндегі мектептерге зерттеу жүргізді. Білім сапасы, мектептердің материалдық техникалық қамтамасыз етілуі, кадрлардың біліктілігі, әсіресе пандемияның білім саласына әсері негізге алынған.
Виктория Нем, «PAPERLAB» зерттеу орталығының зерттеушісі:
Cоңғы 2 жылда оқу форматының біресе онлайн, біресе офлайн болып өзгеруі балалардың біліміне кері әсер еткенін мойындамау мүмкін емес. Білім деңгейі Қазақстанда ғана емес барлық әлем бойынша төмен түсіп кетті. Қашықтан білім алуға оқушылар да, ата-аналар да, мұғалімдер де дайын емес еді. Карантин басталған кезде тез арада цифрлық білім беру платформалары әзірленді. Бірақ оны пайдалану барлығына қиын болды. Біз зерттеу кезінде көп жағдайда ол платформаларға есеп үшін ғана кіргенін шын мәнінде сабақтарды түсіндіру, үй тапсырмаларын орындау барлығы түрлі мессенджерлер арқылы жүргізілгенін анықтадық.
Зерттеу орталығы мамандарының пікірінше қазіргі оқушыларды білім саласындағы теңсіздіктің құрбандары деп қарастыруға болады. Болашақта бұл ұрпақ білімі мен біліктілігі жағынан артта қалған буынға айнала ма деген қауіп те бар көрінеді.
Виктория Нем, «PAPERLAB» зерттеу орталығының зерттеушісі:
Пандемия балалардың біліміне ғана емес, олардың қоғамның мүшесі ретінде қалыптасуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне де кері әсер етті. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары ұстаздарымен, сыныптастарымен қалай сөйлесуді, араласуды, тіпті дос болу қажет екенін білмейді. Бұл да өте үлкен проблема.
Психологтар да бұл пікірмен келісіп отыр. Онсыз да шынайы өмір мен виртуалды әлемді ажырата алмай жүргенде онлайн оқу тіпті шатыстырды дейді.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Онлайн оқу оқушылардың психологиясына кері әсер етеді. Олар вируталды әлем мен шынайы әлем арасындағы байланысты құра алмайды 11:10 когнитивтік дисонанс деп атайды мұны. Не оқу емес, не дамыл емес сондай атмосферада жүреді шетелде көбінесе онлайн оқу ересектерге арналады. Өйткені психикасы дамыған азамат. Ал бала ол деңгейге жеткен жоқ.
Білім саласындағы мамандардың мәліметі бойынша психологтардың көмегіне жүгінетін оқушылардың саны жыл сайын артып келеді.
Сырым Нұғыманов, Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының директоры:
Оқушылар барады. Өздігінен баратын оқушылар да бар. 02:53 психологқа жүгінетін оқушылардың саны артып келеді. Бізге қауіптісі олардың ешкімге айтпай, ішіне бүгуі.
Иә, сыр бермей, іштен тыну мәселені күрделендіре береді. Проблеманы шешу үшін оны толық зерттеу керек. Ал оған кадр тапшылығы бөгет болып тұр.
Сырым Нұғыманов, Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының директоры:
Жалпы мектепте психологқа бөлінген штатты көбейту керек. Екі штат өте аздық етеді. Мектепте екі мың бала бар. 2мың балаға екі психолог аз. Өйткені әрқайсысымен жеке жұмыс жасау керек.
Психолог жалпыдан гөрі жалқыға мән береді. Себебі бүкіл оқушының жаны күйзеліп жүрмейді. Ал күйзеліске түскенін табу оңай емес.
Сырым Нұғыманов, Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының директоры:
Әр сыныпты жеке жеке тексеруден өткізеді. 04:52 бұл сыныпта суицидке жақын бала бар ма?Әке шешесінен қорлық көріп отырған бала бар ма 06:00 одан кейін психолог жұмыс жоспарын құрады әр баламен жұмыс істеу үшін. Бірақ ата анасының рұқсатын аламыз.
Дегенмен құпиялықтың сақталатынына сенбейтін бала ашылып сөйлемейді. Сондықтан мектептердегі психологтардың жұмыс істеу принципін толық өзгерту керек деп отыр мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Ең үлкен мәселе психологтардың тәуелділігінде. Олар мектеп директорларына бағынады. Олардың бұйрығын орындауға мәжбүр. Ал, оқушылар тәуелді адамға сырын айтуға қорқады. Себебі ол жайылып кетуі мүмкін ғой.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Мектеп директорлары тәуелсіз психологтармен келісімге отырса. Біз келісімге отырдық. Барып қаралыңыздар тегін деп айтады мектеп басшылығы, Мұның артықшылығы мектепте жүріп психолог кабинетіне кіріп қайта қайта көзге түспейді. Кабинетіне кіргеннің өзі әңгіме болады. Неге кірдің, неге шақырды. Бәрі дұрыс па деп Психсың ба, ауырып жатқан жоқсың ба деп. Уже уайым тудыратын нәрсе. Мен мектептен тыс уақытта ешкім барғанымды білмейді. Не сөйлескенімді білмейді.
Бізде психологтың көмегіне жүгінуді әлі де болса ерсі санайтындар, тіпті мамандық атауынан да үркетіндер бар. Сондықтан терминді толық ауыстыру қажет деп санайды Ержан Мырзабаев.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Менің ұсынысым психолог деген сөзді ауыстыру керек. Адамдардың миында қалып қойған стереотипті ауыстыру өте қиын. неге кей компаниялар ребрендинг жасайды. Алдыңғы брэнд жаман болып қалған. Қайта қайта айтылмау үшін атын өзгерте салады. 09:59 Психологияның әдемі қазақша баламасы бар. Жантанушы деген. Мен жан танушыға бардым әдемі естіледі. Психологқа барса психсың ба дейді.
Оңғар Алпысбайүлы, тілші:
Екі проблема ушығып кете ме деген қауіп бар: біріншісі білім сапасының нашарлауы, екіншісі балалардың уайымы көбейіп, жан дүниесінің стресске түсуі. Мектептердегі әлімжеттікке интернет айдынындағы буллинг – яғни намысына тиіп, қорлау қосылды, «менің айтқаным ғана дұрыс» дейтін ата-аналар мен мұғалімдер де азайған жоқ, тағысын тағы. Тіпті жоқшылық пен кедейшілік те балалардың жүрегіне қаяу салады. Қорсынады, арланады. Қарапайым дүниеге қолы жетпей, көзі жасқа шыланады. Оларға «Қаңтар трагедиясы» да әсер еткені сөзсіз... «Балалар бізден жақсы өмір сүрсін» десек балалар барын ұмытып кететін әдеттен де арылуымыз керек. Әрине, мемлекет әділетті жолмен дамыса, көп мәселенің күрмеуі тарқатылады. Алайда оған оп-оңай және тез жету мүмкін емес. Ал бала тез өседі...
Оңғар Алпысбайұлы, Жасұлан Жақсай, АПТА