Англияда медицина қызметкерлері екпе алмаса жұмыстан қуылмақ
Англияда медицина қызметкерлері алдағы екі айда екпенің қос компонентін түгел алмаса жұмыстан қуылады.
Бүгінге дейін елдегі ақ халаттылардың 95 пайызы екпенің бірінші дозасын, ал 91 пайызы екіншісін салдырды. Міндетті вакцинациядан бас тартқандар мен науқанды кейінге қалдыруды сұрап отырғандар да бар. Олар қызметтерінен босатылады немесе науқастармен жұмыс істемейтін бөлімдерге ауыстыралады. Ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегілер, дәрігерлер мен медбикелер науқастарға ковид жұқтырып, ауруды асқындырмауы үшін вакцина салдыруға міндетті деп есептейді.
Клайв Кей, Корольдік колледж ауруханасының атқарушы директоры:
Аурухананың басшысы ретіндегі менің міндетім, әлбетте, қызметкерлерді вакцина салдыруға ынталандыру. Мен және менің әріптестерім науқан басталғалы бері барлығының екпе алуына ықпал етіп жатырмыз.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09
Мордовияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
11.04.2026, 20:09
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
11.04.2026, 20:07
Мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
11.04.2026, 20:03