3 миллион украин азаматы шет елге жұмыс іздеп кеткен
Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан еңбек мигранттарының саны күрт артты. Бір жылда шет елге жұмыс іздеп кеткендер қатары 3 миллионға жеткен.
Елдің экономика министрлігінің мәліметі бойынша, тек қана көрші Польшаға соңғы бес жылда күнкөріс қамымен кеткен адамдардың саны 5 есеге артқан. 2014 жылдан бері елдің шығысы тыныш емес, соғыс әлі күнге дейін тоқтаған жоқ. Сондықтан, осы өңірден үдере көшкендердің қарасы қалың. Кей дереккөздер бойынша, шет ел асқан украиналықтар жылына 11 млрд долларға жуық қаражатты еліне жібереді. Еуропаға жұмыс іздеп сабылғандардың қатарында жастар ғана емес, зейнет жасындағы азаматтар да көп.
Петр Билян, журналист:
Шет елге көбіне білімді жастар кетіп жатыр. ІТ саласындағы мамандар өз алдына, біліктілігі төмен болса да, белгілі бір мамандығы бар орта жастағы адамдар да сыртта жұмыс істегенді жөн көреді. Батыс Украинадан шығыс Еуропаға зейнет жасындағы адамдар да барып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19