Айдос Әшімұлы, тілші:
Иә Түркияда соңғы күндерде ауа райының күрт суытуынан болар коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп кетті. Елдің Денсаулық сақтау министрі вирус жұқтырып ауруханаға түсіп жатқандардың дені егде жастағы кісілер мен созылмалы дерті бар адамдар екенін айтты. Соңғы статистикаға қарасақ алдың күні 75 мыңнан аса адамнан вирус анықталса кеше 77 мың 500 адамның тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл өткен аптаға қарағанда 10 мың адамға көп.
Әзірге Түркияда коронавирусқа қатысты қандай да бір карантиндік шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Керісінше өткен аптада Денсаулық сақтау министрлігі қалааралық сапарлар үшін міндетті ПТР тест тапсыру талабын алып тастады.
Сондай-ақ вирус жұқтырған адамның карантинде жату мерзімі 10 күннен 7 күнге азайтылды. Ал елдегі вакциналау жұмыстарына тоқталар болсам. Бүгінге дейін 18 жастан асқан азаматтардың 85 пайызға жуығы екпенің екі дозасын да алған. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды вакцинаның үшінші және төртінші дозаларын да алуға үндеп жатыр.