Ұлыбританияда инфляция деңгейі шарықтады
Ұлыбританиядағы инфляция деңгейі 30 жылда болмаған шарықтау шегіне жетті. Соңғы үш айда күнделікті тұтыну заттарынан бастап азық-түлікке дейін қымбаттап кеткен.
Стерлинг фунты екі жыл бұрынғы локдаундардың әсерінен құнсызданып, ақыры экономикалық дағдарысқа әкелді дейді британиялық статистика қызметі. Бүгінде азық-түлік, транспорт, тұрғын-үй және коммуналдық қызмет бағасы қымбаттаған. Газ бен жарықтың ақысы тіпті аспандап кеткен.
Сэм Эддей, тұрғын:
Бірінші қажеттіліктегі заттарды сатып ала алмаймын. Олар қолжетімсіз бола түсті. Жаңадан киім-кешек алуды тіпті қойдық.
Ұлыбританияда желтоқсандағы инфляция деңгейі 5,4 пайызға жетті. Мұндай жағдай соңғы рет 1992 жылы тіркелген. Құнсызданумен күресу үшін Англия банкі «Үлкен жетілікке» мүше елдердің арасында бірінші болып, базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға ұлғайтты.
Риши Сунак, Ұлыбритания қаржы министрі:
Соңғы үш айда жалақы көлемі де 4 пайыздан сәл жоғары өсті емес пе?! Инфляцияға байланысты проблемаларға тап болған мемлекет біз ғана емес.
Биліктегілер базалық мөлшерлемені тағы да өсіруді жоспарлап отыр. Инфляцияны тежеу үшін үкімет ақпанда айында қажетті шараларды қабылдауы мүмкін.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09
Мордовияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
11.04.2026, 20:09
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
11.04.2026, 20:07
Мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
11.04.2026, 20:03