Алматыда коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Алматыда коронавирус бойынша эпидахуал нашарлап барады. Соңғы тәулікте 1 501 адамнан инфекция табылған. Мегаполистегі инфекциялық стационарларда 1 417 науқас емделіп жатыр, оның 145-і - бала. Бас санитар дәрігердің сөзінше, «дельта» штамымен қатар «омикрон» штамының таралуына байланысты жұқтыру деректері көбейген. Айтуынша, айдың соңында инфекция жұқтырғандар тәулігіне үш мың адамға жетуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер тұрғындар арасында вакцинация мен ревакцинация қарқынын күшейту қажет деп отыр.
Светлана Сұлтанғазиева, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:Соңғы 1-2 аптада коронавирустың саны көбейіп жатыр. Реанимация және қарқынды бөлімде 300 төсек орын бар, 90 орында науқас жатыр. 37 науқас жағдайы өте нашар деп айтуға болады. Өкпені жасанды желдету аппаратында 16 науқас жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24